Кіру талаптары

Қазақстан Республикасына кіру тәртiбi

Қазақстан Республикасына кіру кезінде азаматтары визаны қажет ететін шет мемлекеттердің тізімімен танысу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/activities/34747?lang=ru&parentId=3053

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына жануарларды (жылқыларды, ІҚМ, иттерді, жабайы жануарларды) әкелу жөніндегі ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағында Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар қолданылатын Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекет болып табылады.

Шешімнің 3.7-тармағына сәйкес әкелу, әкету, транзит кезінде, сондай-ақ Одақ ішінде бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына өткізу кезінде бақылаудағы тауарлар тасымалдаудың барлық уақыты ішінде ветеринариялық сертификаттармен сүйемелденуге тиіс. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден бақылаудағы тауарларды әкелу кезінде «Кеден одағының ветеринариялық шараларын қолдану саласындағы құжаттардың жобалары туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 шешімімен бекітілген нысандағы ветеринариялық сертификаттармен сүйемелденеді. Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден бақылаудағы тауарларды әкелу нысандары Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін үшінші елдерден бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандарына сәйкес келетін ветеринариялық сертификаттардың сүйемелдеуімен мүмкін болады.

Сондай-ақ, Шешімнің 6.1-тармағына сәйкес Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден бақылаудағы тауарларды әкелу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығымен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілген әкелуге рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.