«Көшпенділер ғаламы» Этноауылы
Этноауыл “Көшпенділер Әлемі”: Ұлы даланың мұрасы мегаполис орталығында
Ұлы даланың ұлылығы, ежелгі дәстүрлердің байлығы мен көшпелі мәдениеттің мәңгілік рухы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жаңғырады.
Бұл оқиға – өткенді шолып, оның ырғағын сезіну және мәдени мұрамен қауышудың ұмытылмас сәттерін сезінуге бірегей мүмкіндік.
Астанадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында, 10 гектар аумақта, «Қазанат» ипподромының жанында “Көшпенділер Әлемі” атауымен этноауылорналасады. Онда әрбір қонақ қазақ халқының бай әлеміне еніп, көшпенді халықтардың өзіндік мәдениетімен таныса алады.
7 қыркүйек күні этноауыл “Көшпенділер Әлемі” өзінің қақпасын айқара ашып, барлық қонақтарды таңғажайып ашылу салтанатына шақырады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдени бағдарламасы аясында іс-шаралар легі кең. Бұл – бірегей көрнекті орындары бар шынайы мәдени орталық болады.
Әрбір күн этноауылда қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен дәстүрлерін көрсететін “Шаттық керуені” атты керемет шеруімен басталады.
Әрбір қлнақ көшпенділер әлеміне енеді және олардың мәдени байлығын сезінеді.
«Өнер ордасы» басты сахнасында күн сайын 12:00-ден 17:00-ге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік аймақтық ұжымдар өнер көрсететін “Думанды дала” концерттері өтеді. Этнофольклорлық ансамбльдер, қазақ ұлттық оркестрлері, солистер және би ұжымдары дәстүрлі этникалық стильде өнер көрсетеді.
Кешкі бағдарламада сағат 18:00-де қонақтарды қазақстандық эстрада жұлдыздары мен халықаралық ұжымдардың, оның ішінде “Аркаим” аспаптық дуэті, “Бірлік” ән-би ансамблі, әлем халықтарының биін орындаушы Ане́ль Марабаева, “Хазар” этно-тобы, “Steppe Sons” этно-тобы, “The Nomads Fire” жобасы және бірегей мультиаспапшы Еділ Хусаиновтың қатысуымен өтетін “Ұлы дала үні” гала-концерттері күтеді. «Өнер ордасы» басты сахнасындағы барлық концерттер ашық аспан астында өткізіледі.
Этношатыр алаңында қолөнер шеберлері мен дарындылардың әлемімен таныс боласыз. Күн сайын сағат 14:00-де еліміздің үздік айтыскерлері домбыра мен сөздің күшін сынайтын Айтыс музыкалық- поэтикалық сайысы өтеді.
Бұл – бағдарламаның тек бір бөлігі ғана!
Этноауылда “Шығыс базары” ашылады, сондай-ақ қазақ ұлттық тағамдары мейрамханаларынан тағамдар дәмін тату ұйымдастырылады. Қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан ауыз тиіп, ләззат ала алады.
Этноауыл аумағында шынайы "Шеберлер ауылы" ұйымдастырылады, онда әртүрлі кәдесыйларды сатып алуға болады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген екі жүзден астам қолөнерші өздерінің бірегей бұйымдарын таныстырып, шеберлік құпияларымен бөліседі. Қонақтар зергерлік өнер, былғары өңдеу және керамикалық мүсін жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады. Балаларға арналған “Балалар алаңы” ойын алаңы да қарастырылған, онда олар уақытты көңілді әрі пайдалы өткізе алады.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – Қазақстандағы жылдың ең маңызды оқиғасы. Шараға әлемнің 89 елінен 2000-нан астам қатысушы келеді деп күтілуде.
Этноауыл “Көшпенділер Әлемі” ұйымдастырушылары осы бірегей мекенді тамашалап, көшпелі өркениеттің мәдени мұрасының бір бөлшегі болуға шақырады.
7-13 қыркүйек аралығында қонақтарды этноауылдың бай мәдениеті мен спорттық бағдарламасы күтіп тұр. Бұл шарада қазақ халқының бірегей дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын ашатын мәдениет пен спорт мерекесіне айналады.