Билеттер
Құрметті достар!
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты мен жарыстарына билеттер сатылымға шықты.
Жарысқа билеттердің құны 1 000 теңгеден 15 000 теңгеге дейін.
Ашылу салтанатына билеттердің құны 15 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін.
Билеттерді келесі жерлерден сатып алуға болады:
- zakazbiletov.kz сайтынан;
- Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының кассасынан, Қабанбай батыр көшесі 41а (10:00-18:00);
- Алматы қаласындағы оффлайн кассадан, Наурызбай батыр көшесі 152А, кеңсе 4, домофон 114, zakazbiletov.kz (10:00-18:00).
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендеріне жеңілдіктер мен шегерімдер:
- Азаматтардың келесі санаттары үшін тегін билеттер қарастырылған:
- 0-5 жас аралығындағы балаларға, бөлек орын берілмейді;
- I, II топтағы мүгедектерге.
Ескертпе: тегін билет тиісті құжат ұсынылған кезде офлайн кассаларда ғана беріледі.
- Билеттерге шегерімдер азаматтардың келесі санаттары үшін қарастырылған:
- – оқушы тарифі (6 жастан 18 жасқа дейін) – негізгі тарифтің 50% жеңілдік ;
- – зейнеткер тарифі – негізгі тарифтен 50% жеңілдік
Ескертпе: жеңілдіктер тиісті құжат ұсынылған кезде офлайн кассаларда ғана сатып алынады.
Ойындардың Ашылу салтанатына ашылу және Көкпар ойынының финалына тегін билеттер мен жеңілдіктер қарастырылмайды.
Көкпар ойынының финалына тегін билеттер қарастырылмайды.