Іс-шаралар мен жарыстар өткізу кезінде көрермендер үшін билетті пайдалану тәртібі және жалпы ережелері

Осы іс-шаралар мен жарыстарды өткізу кезінде көрермендер үшін билетті пайдалану тәртібі және жалпы ережелері («5-ші Дүниежүзілік көшпенділер Ойындарының ашылу салтанаты»; «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты»; «Көкпар ойынының финалы»;) және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер Ойындары шеңберіндегі (бұдан әрі - Ережелер) іс-шаралар мен жарыстарды өткізу кезеңінде кіріп шығу тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.

Ережелер мыналарды белгілейді.

  1. Іс-шара немесе жарысқа қатысуға билет сатып алған кезде сатып алушыға билеттің көшірмесін жасауға және үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Осы билеттегі бірегей сәйкестендіргіш (QR-код) сатып алушыға іс-шараға немесе жарысқа тек бір рет кіріп шығу құқығына кепілдік береді.
  2. Сатып алынған билет тек таңдалған сеанс кезінде жарамды (таңғы немесе кешкі). Сеанс аяқталғаннан кейін билет сатып алушы көрермен жарыстың бақылау аймағынан шығу қажет.
  3. Билеттің сақталуына сатып алушы жауапты. Билет көшірілген, жоғалған немесе бүлінген жағдайда Сізге іс-шараға немесе жарысқа қатысуға тыйым салынады, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция (бұдан әрі – Дирекция) мен ZAKAZBILETOV.KZ наразылықтарды қабылдамайды.
  4. Іс-шараға билет жеке болып табылады және жеке басын куәландыратын құжатты немесе аккредиттеу картасын көрсеткенде ғана жарамды. Сатып алушы іс-шара басталғанға дейін кемінде 24 сағат калганга дейін ZAKAZBILETOV.KZ сайтында өзінің толық аты-жөнін өзгертуге құқылы.
  5. Егер QR-код оқылмаса немесе бірдей QR-коды бар билет табылса, сатып алушы кіре берісте орналасқан ZAKAZBILETOV.KZ өкілдеріне немесе техникалық қолдау қызметіне келесі нөмірлер бойынша хабарласу керек: +77765442882, +77019865252.
  6. Билеттерді тексеру және іс-шараға немесе жарысқа кіру Дирекция, спорт ғимаратының әкімшілігі және ZAKAZBILETOV.KZ компаниясы белгілеген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
  7. Іс-шара немесе жарысқа қатысу кезінде өзімен бірге тілу және кесу заттарын, шыны ыдыстағы сусындарды алып кіруге, сондай-ақ көрермендерге зиян келтіруі мүмкін кез келген басқа заттарды алып кіруге тыйым салынады.
  8. Іс-шара немесе жарысқа келгенде, сондай-ақ оны өткізу кезінде алкогольдік сусындар мен есірткіні қолдануға тыйым салынады.
  9. Алкогольдік, есірткілік, (немесе) уытты мас күйде болған жағдайда, көрерменге билет құнына ешқандай өтемақы қайтарылмайды, және іс-шара немесе жарысқа қатысуға тыйым салынады.
  10. Ережелер бұзған және Дирекциясының немесе спорт нысаны әкімшілігінің талаптарын орындамаған жағдайда көрерменге іс-шараға немесе жарысқа одан әрі қатысуына билет құнын өтеу құқығынсыз бас тартылады.

Билет құны офертада белгіленген шарттарға сәйкес іс-шара немесе жарыс болмаған, ауыстырылған немесе кейінге қалдырылған жағдайларда ғана қайтарылуы мүмкін. Оферта шарттарымен ZAKAZBILETOV.KZ сайтында таныса аласыз.