Бірлік керуені
Дәстүр бойынша, Олимпиада, Азия және Дүниежүзілік Универсиада сияқты заманауи ірі спорттық жарыстардың барлығына дерлік пішіні жағынан әртүрлі, бірақ мазмұны біркелкі Алау Эстафетасы міндетті түрде кіреді.
Алғашқы үш Көшпенділер ойындарында басты қасиетті нышан және негізгі элемент Су болды.
Ойындар қарсаңында Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызыбар қалаларында әсерлі театрландырылған іс-шара өткізу барысында жергілікті қасиеттібұлақтардың бірінен Дүниежүзілік ойындардың Ашылу рәсіміне апарылатын Су алынады. Аймақтың орталық көшелерінен өтіп, орталық алаңда құрметке ие болған керуен Қазақстанныңастанасына аттанады. Өңірдің дәстүрі мен стилінде безендірілген «Керуен» құрамында Сутолтырылған ыдыспен бірге Астанаға Ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын ұлттықспорт түрлерінің атақты спортшылары, ақсақалдар, жаттықтырушылар, журналисттер, бейнеоператорлар, қоғамдық пікір көшбасшылары және 5-ші ДКО Бас демеушісі Халық банкініңқызметкерлері келеді. Сонымен қатар, керуендер өңірлерден Астанаға қажетті мөлшерде киіз үй, ыдыс-аяқ, «Көшпенділер ғаламы» этноауылын ұйымдастыруға қажеттінің барлығын әкеледі.
6 қыркүйек күні 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының өңірдегі Елшілері Астанақаласына жиналады. Бірнеше ай бойы өңірлерде насихаттау жұмысын жүргізген елшілерАстанада өтетін әлемдік шарада мәдениет бағытында қызмет атқарады. Айта кетерлігі, Ойындараясында еліміздің өңірлерінен барлық елшілер мен батырлар насихаттау жұмысына белсендіқатысты.
Ойындардың ашылу күні құрамында еліміздің барлық аймақтарының атынан келген, қолынақасиетті Су толтырылған Торсық ұстаған батырлар бар керуен Ойындардың ашылу рәсімі өтетінжерге жарқын шерумен аттанады. Қасиетті көздерден алынған Су ДКО ашылу рәсімініңшарықтау шегінің маңызды құрамдас бөлігі болмақ.