Мәдени бағдарлама

Ойындардың ашылу рәсімінен бір күн бұрын Этноауылдың ашылуы өтеді.

Этноауыл Қазанат ипподромына іргелес аумақта, шамамен 10 гектар жерде орналасады.

Күн сайын 7-13 қыркүйек аралығында "Шаттық Керуені" атты жарқын театрландырылған қойылым өтеді. Шараға ДКО-ға келген шетелдік қонақтар мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысады.

Этноауылдың бірегей концерттік алаңында күн сайын мәдени шаралар өткізіледі. Соның ішінде Қазақстанның үздік қолөнершілерінің ең ірі көрме-жәрмеңкесі және шеберлер өз қолөнерінің қыр-сырымен бөлісетін шеберлік сабақтары болады. Еліміздің жетекші және бастаушы айтыскерлері қатысатын дәстүрлі «Айтыс» ақындар мүшәйрасы Этноауылдағы мәдени бағдарламаның ажырамайтын құрамдас бөлігі болмақ. Мәдениет әлеміндегі негізгі заманауи үрдістерді «Көшпенділер ғаламы» көрсетеді.

Ұлттық тағамдар фестивалі қазақ халқының қонақжайлылығы мен ақкөңілдігін паш етеді. Мұнда шеберлік сабақтары өткізіліп, әрбір келуші тамақ пен сусын дайындауға қатыса алады.

Ұйымдастырушылар Этноауылда жоспарлаған барлық іс-шаралар басты мақсатқа қол жеткізуге бағытталған – мәдени мұраны, ұлттық құндылықтарды насихаттау, олардың ұлттық бренді болып табылатын Қазақстан халқының бай тарихы мен мәдениетін насихаттау.