Тоғызқұмалақ жеңімпаздары
Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан чемпион атанды.
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақ сайысы аяқталды.
Бұл жарыста Колумбия, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және Араб елдері сынды 41 мемлекеттен келген 114 қатысушы шеберліктерін сынға салды.
Тоғызқұмалақ сайысына Қазақстаннан 4 спортшы қатысты. Интеллектуалды жарыс нәтижесі бойынша ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль түсті.
Бексұлтан Бостандықов ерлер арасында чемпион атанса, Ерсұлтан Әуелбай үшінші орынды иеленді. Ал әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы озық шығып, Аңсаған Қазанғап күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жалпы командалық есепте Қазақстандық спортшылары бірінші орын алды.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екі жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы ойындардың ұраны - “Ұлы даладағы кездесу”. Әлемнің 89 мемлекетінен келген екі мыңнан аса спортшы 21 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.