Оңтүстік Корея спортшылары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады
Оңтүстік Корея алдағы уақытта Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына өз делегациясын жіберуге дайын. Делегация құрамында 14 адам болады деп жоспарлануда.
Кореялық Ссирым күресінің спортшылары қазақ күресінен өтетін турнирге қатысу үшін Астана қаласына келеді. Олардың дайындығымен Қазақстанның «Қазақ күресі» Ассоциациясы айналысуда.
Спортшылардың айтуынша, корей мен қазақ күресінің айырмашылығы шамалы. Корейлер құмда және күртесіз жарысады. Ссиррымда салмақ дәрежесі 70 келіден басталса, қазақ күресінде 55 келіден басталады.
Корея Республикасындағы Қазақ күресі қауымдастығының өкілі Алмас Бекмұратов: «Оңтүстік Кореяда жақын арада 55-60 келіге дейінгі спортшыларды іріктеу басталады», - деп атап өтті.
Оңтүстік Корея спортшылары өз шеберліктерін көрсетіп, спорттық шеберлік пен халықаралық ынтымақтастықты насихаттайтын беделді шараға қатысуға асығыс.