Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордадағы волонтерлік қызмет туралы брифинг өтті
13 мамырда Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордадағы волонтерлік қызмет туралы брифинг өтті.
Брифингке Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» ҮеАҚ Президенті Есенғазы Иманғалиев, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев, Қалалық волонтерлер штабының басшысы Чингиз Тлеулин қатысты.
Еріктілерді іріктеу жұмыстары туралы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев толық ақпарат берді.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Астананың 13 университетінен, 29 колледжінен және Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан волонтерлік қызметке 4 683 өтініш түскен.
Волонтерларлық қызмет туралы ақпараттандыруды ілгерілету үшін Instagram, Tik Tok әлеуметтік желілерінде аккаунттар құрылды. Әлеуметтік желілерде 1 миллионнан астам қаралым жиналып, 579 113 Instagram әлеуметтік медиа аккаунттары қамтылған.
Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Вьетнам, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түрікменстан, Беларусь және Гана Республикасы және т.б. мемлекеттерден волонтер болуға өтінімдер келіп түсті.
Қазіргі уақытта әлеуетті еріктілермен сұхбат жүргізілуде. Іріктеу нәтижелері бойынша 1000 үздік ерікті таңдалып, оның 50-і үйлестіруші, 100-і көшбасшылар болады.
Волонтерлер арнайы дайындықтардан өтіп, оқу-жаттығу, тәжірибе алмасу іс-шараларына қатысатын болады.