Powerful nomad. Күштілердің сайысы
Команда құрамы: 1 спортшы, 1 бапкер, 1 төреші, 1 команда жетекшісі.
Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберілнеді.
Жарыстар ерлер арасында өткізіледі.
Әр елден 1 спортшы жіберіледі.
Салмақ категориясы: 90 келіден жоғары.
Жарыстар 5 түр бойынша өткізіледі:
- 100 келі тасты көтеріп, оны 10 метрге жылжыту;
- 100 келілік қаппен отырып тұру;
- 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашықтықта тұрған нысанаға лақтыру;
- 130 келілік бөренені иығына салып, отырып тұру;
- салмағы 200 кг арбаны 10 метрге сүйреу.