Кураш
Екі қарсылас тік тұрып күреседі, жекпе-жек дзюдодағыдай кілемше- лерде өтеді.
Курашта жатып күресуге тыйым салынады. Тек тік тұрып күресуге болады және тек лақтыру мен аяқтан қағуға рұқсат етіледі. Кез келген соққы, ауыртпалық, тұншығу әдістерін, сондай-ақ белбеуден төмен қармап ұстауға қатаң тыйым салынады.
Команда құрамы: 8 спортшы, 1 бапкер, 1 төреші
Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар жіберіледі.
Жары- стар ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі. Барлық салмақ дәрежесінде 1 спортшы жіберіледі.
Ерлер салмақ дәрежелері: 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 73 келіге дейін, 81 келіге дейін, 100 келіден жоғары.
Әйелдер салмақ дәрежелері: 57 келіге дейін, 70 келіге дейін, 87 келіге дейін.
Күрестің ұзақтығы:
- Ерлер арасында –5 минут.
- Әйелдер арасында –3 минут.
Жарыстар «International Kurash Association» (Халықаралық «Кураш» қауымдастығының) ережелері бойынша өткізіледі.