Алыш
Алыш – ұлттық белбеу күресі (Қырғыз Республикасы). Балуандар көгілдір және жасыл түсті арнайы киім киеді, шалбар ақ, белбеу қызыл. Бастапқы қалыпта спортшының басы қарсыласының иығында жатады, ал қарсыласының аяқтарының қимылдарын қолының астынан бақылайды. Балуандар алға иіліп, оң қолымен қарсыласының бел тұсынан, ал сол қолын оң қолының үстінен өткізіп, қарсыласының белбеуін ұстайды. Жекпе-жек тек тік тұрған күйде өтеді. Әр балуанның мақсаты – белбеуін жібермей, қарсыласын жауырынына жығу.
Команда құрамында: 12 спортшы (6 ер және 6 әйел), 2 бапкер, 2 команда жетекшісі, 1 төреші.
Алыш белбеу күресінен жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі.
Жарыстар ерлер арасында классикалық стильде, әйелдер арасында еркін өтеді.
Барлық салмақ категорияларында бір қатысушы елден 1 спортшы жіберіледі.
Салмақ дәрежелері:
- ерлер арасында (классикалық стиль): 60 келіге дейін, 70 келіге дейін, 80 келіге дейін, 90 келіге дейін, 100 келіге дейін, +100 келі;
- әйелдер арасында (еркін): 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 70 келіге дейін, 75 келіге дейін, +75 келіге дейін.
Жарыстар Дүниежүзілік «Алыш» федерациясының ережесі бойынша өтеді.