Мангала
Мангала түрік халқының зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, олар бірге 12 кішкентай шұңқырша құрайды, сонымен қатар, ойыншылардың тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыршалары болады. «Мангала» ойыны 48 таспен ойналады.
Ойын жеребе тастаудан басталады. Ойыншылар барлық 48 тасты, төрт-төрттен 12 шұңқыршаның әрқайсысына таратып, жинақтау шұңқырша- ларды бос қалдырады. Тақтаның өз жағындағы алты кішкентай шұңқырша ойыншының алаңы, ал қарама-қарсы алты шұңқырша сәйкесінше қарсы- ластың алаңы. Ойыншылар өз қоймасында мүмкіндігінше көп тас жинауға тырысады. Кім көп тас жинаса, сол ойыншы жеңіске жетеді.
Команда құрамы: 2 ер, 2 әйел, 1 бапкер.
Жарыстар швейцариялық жүйе бойынша жеке және командалық есепте өткізіледі. Кезеңдер саны – 7. Қорытындылар ерлер мен әйелдер арасында бөлек жиынтықталады. Әр ойыншыға бір ойынға 20 минут уақыт беріледі.
Жарыстар дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ» федерациясы «Мангала» халықаралық федерациясымен бірлесіп өткізіледі.