Құсбегілік
Құсбегілік:
- Бүркіт – Бүркіт салу
- Қаршыға – Қаршыға салу
- Ителгі – Ителгі салу
«Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен жарыстар бүркіт, қаршыға және сұңқар атты үш түр бойынша өтеді.
Бүркітші-спортшының ыңғайлы ұлттық киім болуы керек. Жарыстар Республикалық «Құсбегілік» федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Сұңқар салу
Команда құрамы: 3 спортшы, 1 бапкер, 1 мал дәрігері.
Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі.
Сұңқардың ұшу жылдамдығы оны жемге жіберу арқылы бағаланады. Әр спортшыға сұңқарын сынау үшін 3 минут уақыт беріледі. Жалаушалардың ара қашықтығы 200 м. Осы уақыт ішінде құс ұшып, әуеден спортшы арқанмен айналдырып жатқан жемге шабуылды еліктеуі керек. Жемді кекілік, қырғауыл мен көгершіннің құйрығы мен қанатынан алынған қауыр- сындарынан жасайды. Ережеге сәйкес, төрешілер сұңқардың қанша рет ұшып келгенін және жемге шабуыл еліктегенін есептейді. Жеңімпаз ең көп ұпай саны бойынша анықталады.
Жарыстар республикалық «Құсбегілік» федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Бүркіт салу
Команда құрамында: 3 бүркітші, 1 бапкер, 1 мал дәрігері.
Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі.
Жарыстың бұл түрінде қатысушылар бүркіттерін екі жаттығуда сынайды: құсты қолға шақыру (қолға шақыру) және жемге (шырға салу).
Команда құрамында 5 адам: 3 бүркітші, 1 бапкер, 1 мал дәрігері. Жарысқа 18 жастағы және одан асқан спортшылар жіберіледі. Жарыстың бұл түрінде қатысушылар бүркіттерін екі жаттығуда сынайды: құсты қолға шақыру (қолға шақыру) және жемге (шырға салу). Жарыстардың жеңімпазы екі жарыста жинаған ұпай саны бойынша анықталады. Бұл жарыста бүркіт спортшыдан 500 метр қашықтықта отырады. Төрешінің белгісі бойынша бүркітші қолына жем ұстап, бүркітін шақыра бастайды. Мұнда бүркіттің бүркітшінің қолына келу уақыты есептеледі. Төреші ысқырған кезде уақыт санағы басталады. Егер екі минут ішінде бүркіт иесінің дауысына жауап бермесе, талпыныс есептелмейді. Әр қатысушыға жерде тұрғанда немесе ат үстінде тұрып өзінің бүркітін бір рет шақыруға рұқсат етіледі. Бұл жарыста әр спортшы өзінің бүркітін шабандоз сүйреп келе жатқан түлкі терісінен жасалған нақпішін бағытына қарай ұшырады. Бүркіт орташа жылдамдықпен келе жатқан нақпішінге жетіп, оны ұстап алуы керек. Бүркіттің ұшатын жолының бойына екі жалауша орнатылады. Жалаушалардың ара қашығы 300 метр.
Бұл жалаушалар арасында құстың ұшу уақыты мен жылдамдығы бағаланады. Ережеге сәйкес, аңшы өзінің бүркітін бір рет қана ұшыруына болады.
Жарыстар республикалық «Құсбегілік» федерациясының ережесіне сәйкес өткізіледі.
Қаршыға салу
Команда құрамы: 3 спортшы, 1 бапкер, 1 мал дәрігері.
Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі.
Қаршығаның ұшу жылдамдығы оны жемге жіберу арқылы бағаланады. Әр спортшыға қаршығасын сынау үшін 3 минут уақыт беріледі. Жалауша- лардың ара қашықтығы 200 м. Осы уақыт ішінде құс ұшып, әуеден спортшы арқанмен айналдырып жатқан жемге шабуылды еліктеуі керек. Жемді кекілік, қырғауыл мен көгершіннің құйрығы мен қанатынан алынған қауыр- сындарынан жасайды. Ережеге сәйкес, төрешілер қаршығаның қанша рет ұшып келгенін және жемге шабуыл еліктегенін есептейді. Жеңімпаз ең көп ұпай саны бойынша анықталады.
Жарыстар республикалық «Құсбегілік» федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі.