ДКО: Волонтерларды шақыру жұмыстары қарқынды өтуде
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекцияның волонтерлармен жұмыс бөлімі ойындарға еріктілерді шақыру жиындарын осы жылдың 31 қаңтарынан бастады. Ойындарға волонтерларды іріктеу кезең кезеңімен жүзеге асырылады. Басты мақсат - халықаралық жобада ең үздік волонтерлардың қызмет атқаруын қамтамасыз ету. Іріктеудің кезеңдері өтінім білдірушілерден сауалнама алу, сұхбаттасу, волонтерлық қызметке даярлау, олармен арнайы келісім шарт жасау.
Бүгінгі күні волонтерлық қызметке шақыру жиыны Елорданың барлық ЖОО - да жүргізілді. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Esil University-і, MAQSUT NARIKBAEV UNIVERSITY-і, TURAN ASTANA UNIVERSITY-і, А.К. Құсайнов атындағы Еуразия Гуманитарлық Институты, Қазақ технология және бизнес университеті, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, «Astana IT University»-і, Астана халықаралық университеті, Nazarbaev University-і, Астана медицина университеті, сондай-ақ орта мамандандырылған оқу орындарында Мағжан Жұмабаев Халықаралық жоғарғы колледжі, ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE-інде өткізілді.
Кездесуде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық, мәдени, ғылыми бағыттағы бағдарламалары таныстырлып, ойындар кезінде волонтер болам деуші жастар үшін жүктелетін міндеттер, ерекшеліктер, фукционалдық қызметтері түсіндірілді. Аталған ақпараттарды кездесуге қатысқан 8000 студент алды. Осылайша, 2500 Елордалық жастардан өтініш келіп үлгерді.
Қазіргі таңда таныстырылым жұмыстарының 2-ші кезеңі басталып кетті. Елордадағы орта мамандандырылған оқу орындарында өткізілу көзделуде.
Сауалнамада әр бір өтінім білдіруші өзінің толық аты-жөнін, байланыс құралдарын, жұмыс орны немесе оқу орны туралы ақпараттарды ұсынуы шарт. Қазіргі таңда волонтерлық қызметке өтінім білдіріп жатқан шетелдік волонтерлар саны да артып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Франция, Испания, Түркия, Татарстан, Германия т.б. шет елдерден өтінімдер түсуде.