Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция кеңсесінде болды. 

Мәртебелі қонақтар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшылығымен кездесті. 

Жиын барысында британдық спортшылардың 5-ші ДКО-ға қатысуы төңірегіндегі сұрақтар талқыланды. Айта кетейік, бұған дейін Британдық Овари федерациясы овари ұлттық құрамасының ойындарға қатысатынын ресми түрде растаған болатын. Сондай-ақ, Ұлыбритания Елшілігінің Өкілдеріне спорттың бірнеше түрінен, күрестің бес түрінен,  Powerful Nomads және арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен қатысу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, британдық тарап көрнекі спорт түрлерінің тізіміне крикетті енгізуге, сондай-ақ «Спорт ғылымы» секциясында британдық спикерлердің ғылыми бағдарламаға қатысуына өтінім берді.