Дирекция кеңсесіне мас-рестлинг спорт түрі бойынша делегация келді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы кеңсесіне халықаралық мас-рестлинг федерациясының Бас хатшысы Иннокентий Григорьев, Республикалық мас-рестлинг «Таяқ тарту» федерациясының президенті Талап Иматалиев, Саха Республикасының (Якутия) спорттық резерв даярлау орталығы директорының орынбасары Александр Андреев және Республикалық мас-рестлинг «Таяқ тарту» федерациясының Астана қаласындағы өкілі Нұржан Закариянов келді.
Дирекция басшысы Наиль Нұров, 5-ші ДКО Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатыр. Дүбірлі доданың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеміз деп, - атап өтті.
Жиында мас-рестлинг спорты бойынша ойындардың бағдарламасы, жарыс өткізілетін орындардың жобасы таныстырылды. Мас-рестлинг ДКО спорттық бағдарламасындағы географиясы ауқымды, қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Ойындарға әлемнің үздік командалары мен спортшылары қатысады деп күтілуде. Дирекция басшысы ойындардың тиісті деңгейде өтуі үшін төрешілерге баса назар аударып, жоғары дәрежедегі мамандарды жұмылдыру керек екендігін жеткізді.
Халықаралық мас-рестлинг федерациясының Бас хатшысы Иннокентий Григорьев – қазіргі таңда командаларды шақыру бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқандығына тоқталды. Мас-рестлинг спорты бойынша ойындарға 35-ке жуық команда қатысады деп жоспарланып отыр.