Астанада “Global Nomads Awards 2024“ баспасөз-конференциясы өтті
Астанада “Global Nomads Awards 2024” жас креаторлар байқауының және білім беру мәдени-спорттық маусымының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына жобаның маңызды қатысушылары мен ұйымдастырушылары - MIMIORIKI қазақстандық брендтерінің директоры Инна Апенко, Creative Innovation Institute Орталық Азияның орнықты даму қорының директоры Ирина Харитонова, Global Nomads Awards 2024 жобасының үйлестірушісі Айнұр Полатова, Туризм және спорт министрлігң, АИ-2024-ке дайындық бойынша штаб мүшесі Диас Ахметшәріп, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері тағы басқа да меймандар қатысты.
Мемлекет басшысы өз Жолдауларында креативті индустрияны қолдау мен дамытудың және мәдениет, білім, ғылым және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын сан мәрте айтқан болатын.
Осы тұрғыда ұйымдастырылған "Global Nomads Awards 2024 жас креаторлар байқауы" жобасының негізгі мақсаты - жас дизайнерлердің жаңа нарыққа шығып, өз өнімдерін тұтынушыларына жеткізуге мүмкіндік жасау. Өңірдегі дарынды жастардың дамуына ықпал ете отырып, білім беру және ақпараттық желіні құруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылатын этноауылдың концерттік алаңында күн сайын мәдени шаралар өтеді.
Бағдарламаға сәйкес, этноауылда сән көрсетілімі өтетін подиум ұйымдастырылады. Этникалық сән фестивалі аясында этникалық киімдердің түрлі үлгілері де бар. Оның ішінде осы конкурстың жеңімпаздары – Global Nomads жас дизайнерлерінің алаңда өз киім үлгілерін көрсетуге мүмкіндігі бар.