БҚО әкімдігінің өкілдері Дирекция кеңсесіне келді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекцияның кеңсесіне Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері арнайы келді.
Дүбірлі дода аясында ұйымдастырылатын ауқымды шаралардың қатарында – «Бірлік керуені» және «Этноауыл» жобалары бар. Шараның жоғары деңгейде өтуіне аймақ спортшылары мен мәдениет қайраткерлері ұсынатын бағдарламалар зор үлес қоспақ.
Бүгінде, әр облыс өзіне бекітілген нақты жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын бастап кетті. Жұмыс барысында туындаған сұрақтар мен мәселелерге дер кезінде көңіл бөлу – дирекцияның басты міндеттерінің бірі болып отыр. Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесуде, Батыс Қазақстан облысынан арнайы келген делегация өкілдері, аймақтық Басқарма басшылары этноауыл аумағындағы қауіпсіздік шаралары, алаңның техникалық ресурстары, шығармашылық ұжымдарды іріктеу сұрақтары бойынша туындаған мәселелерді ортаға салды.
Әр өңір «Көшпенділер ғаламы» этноауылы» және «Бірлік керуені» жобалары аясында концерттік бағдарламалар, айтыс, дәстүрлі әндер, хореография, театрландырылған көрініс, вокал, қолөнершілер, этно-фэшн т.с. шараларды ұйымдастырмақ.
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді.