ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ Е. МАРЖЫҚПАЕВ ДИРЕКЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның кеңсесіне барып, ұжым мүшелерімен кездесті.
Ойындарды өткізу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жоспарымен танысты. Сұрақ қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.
Ойындарға 100-ден аса мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, елімізге 100 мыңнан аса турист келеді деп жоспарлануда.