Роман Скляр Астанада салынып жатқан спорт нысандарды аралап шықты
Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады.
Олар аралаған алғашқы нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
ЖОО-ны іске қосу кадр даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал ететін болады.
Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды.
Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы хабардар етті.
Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз-қызметі