Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары сәтті аяқталды. Қазақстан қабылдаған ойындарға әлемнің 89 елінен 2 430 спортшы қатысып, 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді. Қырғызстан спортшылары екінші орынға жайғасып, Өзбекстан үздік үштікті түйіндеді.

Астанадағы этноауылда өткен жабылу салтанатында келесі VI Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын 2026 жылы Қырғызстан қабылдайтыны жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – дәстүрлі этноспорт түрлерін және мәдени мұраны сақтап, дамытуға бағытталған ірі халықаралық спорттық шара.