5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудың «Жамбы» стилінен жеңімпаздар анықталды 

Бүгін, 11 қыркүйек күні, Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудың «Жамбы» стилінен күміс жүлде Қазақстанның спортшысы Батыр Бексауытқа бұйырды. 

Спортшылар 11 топқа бөлініп, әр топтың мықтылары келесі айналымға өтті. Жарыс нәтижесі бойынша алтын жүлде Қытайдың өкілі TeRi Gun-ға берілді. Күміс медальды Батыр Бексауыт (Қазақстан) жеңіп алса, қола жүлде Тайландтың өкілі Daloh Samal-ға бұйырды. 

Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтті. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысты.

Байланыс телефондары:

+7 701 683 08 91, Нұртас

Этноауыл аумағында өтетін жарыстар бойынша медиа координатор