Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді 2024 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 14:00-де 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ғылыми бағдарламасының соңғы, үшінші күніне шақырамыз. Іс-шара Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің мәжіліс залында өтеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ғылыми бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде дала өркениетінің бай мұрасын мерекелеуге және зерттеуге арналған конференция мен көрме ұйымдастырылады.

Конференцияда Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануына қатысты негізгі мәселелер, сондай-ақ осы саладағы заманауи жетістіктер мен зерттеулер талқыланады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі
Назым Қанатбекқызы
8 701 208 18 11
Айғаным Мұқатай
8 747 661 98 93