«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» медиа өкілдерін V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын ұлттық құраманың арнайы оқу-жаттығу жиынына шақырады
5 қыркүйек күні Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43):
- Сағат 10:30 – ҚАЗАҚ КҮРЕСІ, АЛЫШ, ҚҰРАШ, АШЫРТМАЛЫ АБА ГЮРЕШІ, КӨРӘШ түрлері бойынша БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығу. Бұл мүмкіндік қазақ күресінің барлық түрлерімен танысуға және олардың ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
Тарлан Арена, боксерлік орталықта (Тәуелсіздік даңғылы, 1/2):
- Сағат 12:00– МАС-РЕСТЛИНГ: БАҚ өкілдері үшін арнайы ашық жаттығу. Масс-рестлингтің ерекшеліктерімен және техникасымен танысуға арналған.
Журналистер үшін: 5 қыркүйек күні Жекпе-жек орталығынан Тарлан Арена бокс сарайына БАҚ өкілдерін арнайы автобуспен жеткізу қызметі ұсынылады.
Алдын ала тіркелу міндетті.
Ұлттық құраманың V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуы туралы толық ақпарат алу үшін «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметіне хабарласыңыз:
- 8701 707 0717 (Райымбек)
- 8702 888 3138 (Ақсұлу)
Анықтамалық ақпарат
«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты ұйым болып табылады. Орталықтың негізгі қызметі – ұлттық спорт түрлерінен құрама команданы дайындау және олардың барлық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету.
V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – «Alageum Electric» компаниясы.