Екі қола медаль: ұлттық мас-рестлинг құрамасының қоржыныңа 2 жеңіс
Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы мас-рестлингтен қола медаль жеңіп алды.
Ерлердің 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін Бірімжан Асылмұрат моңғолиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Әйелдер арасында 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстандық Тахмина Қожамбердиева шағын финалда Мажарстанның спортшысы Синтия Чордашты 2:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мас-рестлингтен 31 елден 98 спортшы қатысады.