Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды.

«Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», - деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Құнан бәйге бойынша:

І орын - Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек.

II орын - Бақторы, шабандоз - Ділнұр Нұрмұқаш. III орын - Сениорита есімді жылқы, Шабандозы – Абзал Тұрмыс.

Топ бәйге бойынша:

I орын - Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан. II орын - Маймақ, шабандоз - Абзал Тұрмыс.

III орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс.

Жорға жарыс қорытындысы бойынша:

I орын - Аквамарин, шабандоз - Евгений Чибисов.

II орын - Триумф, шабандоз - Әлия Тоқтасынова.

III орын - Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы.

Аламан бәйге бойынша:

I орын- Виза есімді жүйрік, шабандоз - Алихан Бақытханұлы.

II орын - Күрең ат, шабандоз - Арнат Мұратхан.

III орын – Әлқисса атты тұлпар, шабандоз – Мәди Жолшыбек.

Еске сала кетейік, Республикалық бәйге федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады. 

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.