«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарының саммитінде
Әлемнің бірқатар елдерінің лидерлері 4 шілде күні Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының сессиясына жиналды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жылдың маңызды саяси шарасынан тыс қалған жоқ. Саммиттің ресми жиыны талқыланатын Бейбітшілік және Келісім сарайында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция шетелден келген қонақтарға Ойындарды таныстыру мақсатында «Ұлы даладағы кездесу» тақырыбында көрме қойылымын дайындады. Сондай-ақ, ШЫҰ сессиясы өтетін ғимараттарда Ойындардың ресми промороликтері орналастырылды және Дирекция өкілдері шетелдік қонақтарға Ойындар туралы ақпаратпен бөлісіп, ұлттық нақышта безендірілген арнайы таныстырылым бұрышында Дирекция өкілдері шетелдік Бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбаттар легін ұйымдастырды.
Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндеггі дирекциясы 5 шілдеде «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік дипломаттар мен ШЫҰ-да тіркелген журналистер үшін Ойындармен кеңірек таныстыру мақсатында арнайы шара өткізеді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.