Елордада ҚР Президенті қатысуымен сенбілік өтті
Бүгін, 27 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік өтті.
Аталған іс-шарада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, еріктілер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастары, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, «Ұлытау» аллеясында жөке ағашының 430 түп көшетін екті.
Дереккөз: @akordapress