Астанада Саха Республикасының Қазақстандағы күндері өтуде
Бүгін, 18 қыркүйекте инвестициялық және туристік әлеуетті жобалардың тұсаукесері өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С. Жұманғарин, Саха (Якутия) Республикасының басшысы А.Николаев, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының жетекшісі Н. Нұров, Халықаралық мас-рестлинг федерациясының вице-президенті Г. Васильев, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы мен Халықаралық мас-рестлинг Федерациясы арасында ойындардың спорттық бағдарламасында аталмыш ойын түрлерінен жарыстар өткізу регламентіне қол қойылды.
Кездесу барысында Наиль Нұров пен Геннадий Васильев екі ел арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, спорттық-мәдени құндылықтарды арттыру, әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтауға жәрдемдесу, мас-рестлинг ойындарын ілгерілету және танымал етуге әрқашан басымдық берілетінін ереше атап өтті.