Ссирым
Оңтүстік Кореяның дәстүрлі күресі Еркін күрестің сан алуан тәсілдерін қолданып, бір-бірінің белі мен жамбасына оралған бастапқы белбеуден (сатпа) ұстап тұрып, бір-бірін жерге жығуға тырысатын белбеу күресінің түрі. «Ссирымджанг» деп аталатын ссирыммен күресуге арналған алаң шеңбер тәрізді және жерден жоғары көтеріліп үйілген. Құм қабатының тереңдігі 10-нан 20 см-ге дейін.
Қатысушылар жалаң аяқ өнер көрсетеді, тек қысқа күрес плавкиін киіп, оның үстінен сатба белдігін байлайды. Ол берік мақта матадан жасалған және ұзындығы екі метрге жуық. Сатба балуанның оң жамбасын қармап ұстауға болатындай етіп, белінің айналасынан орап байланады.
Қармап ұстаудың өзіне келетін болсақ, әр балуанның оң қолы қарсы- ласының сол қолының үстінде тұрғанда «оң жақ ссирим», ал керісінше, сол қолдың үстінде тұрғанда «сол жақ ссирим» болады.
Ссирымде жеңіске жету үшін қарсыластың тізеден жоғары денесінің кез келген бөлігін жерге тигізуг керек. Жапондық сумодан айырмашылығы, қарсыласты шектеулі аумақтан (джанга) итеріп шығару жеңіс болып саналмайды. Бұндай жағдайда балуандар бастапқы орындарына қайта- рылады. Ссирымда жекпе-жек қарсыластардың тізе бүгіп, бір-бірін қармап ұстауынан басталады, оң қолмен қарсыластың беліндегі белбеуден, сол қолмен оның оң жамбасындағы белдік ілмегінен ұстайды. Содан кейін балуандар орындарынан тұрып, 3 минутқа созылатын айқастың басталу белгісін күтеді.
Ссирымда соққыларға, тебуге және буындарды ауыртатын әдістерге тыйым салынады, тек денені, жамбасты, қолды және аяқты пайдаланып лақтыруға рұқсат етіледі. Белбеу-сатбадан қармап ұстау кез келген лақтыру орындалғанға дейін сақталатындықтан, аяқтан қолмен қармау ссирымде болмайды.
Команда құрамы: 3 спортшы, 1 бапкер, 1 төреші.
Жарысқа 18 жастағы және одан асқан асқан спортшылар жіберіледі.
Жарыс ерлер арасында 80 келіге дейін, 90 келіге дейін абсолютті салмақ дәрежесінде өтеді.
Әр салмақ дәрежесін 1 спортшы жіберіледі.
Жарыс Дүниежүзілік Ссирым федерациясының ережелері бойынша өтеді.